«Қазақстан халқына». Педагогтер қаржы аударуға міндеттелмейді - БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде педагогтер «Қазақстан халқына» қорына қаражат аударуға міндетті емес. Бұл туралы Білім және ғылым министрінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдәулиева Facebook-тегі парақшасында жазды.
Әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды «Қазақстан халқына» қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер жазылып жатыр. БҒМ-ге ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері мен білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері қорға ақша аударуға міндеттелмейді. Білім ұйымдарының басшылары хабардар. Дегенмен, мұндай мәселе туындап жатса, маған жаза аласыздар, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент Самат Әбішті қызметінен босатты
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы