Қазақстан халқы тілдері күні Таиландта аталып өтті
Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі Қазақстан диаспорасы үшін Қазақстан Конституциясы күні мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл іс-шара еліміздегі ұлттардың мәдениеті мен дәстүрлерін дәріптеу мақсатында өткізді.
Мерекені атап өту барысында балалар мен олардың ата-аналары мерекелік күндердің пайда болу тарихымен танысып, ана тіліне, өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрмет тәрбиелеудің маңыздылығы туралы әңгімелесті. Сондай-ақ Қазақстанның ұлы жазушыларының шығармаларын оқыды.
Іс-шараға қатысушылар Конституцияны елдің негізгі заңы ретінде ерекше атап өтті. Ол тәуелсіздік жылдары бойы әрбір азаматтың құқықтарын қорғаудың, тұрақтылық пен теңдіктің кепілі.
Қазақстан Конституциясы күні мен Қазақстан халқы тілдері күні шетелде жүргеніне қарамастан, өз елінің тарихы, мәдениеті мен дәстүрлерін қастерлейтін жандар үшін маңызды оқиғаға айналды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытаймен шекарадағы өткізу бекеттеріне өзгерістер енгізілді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы