1 Қазан 2026, 13:24 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қазақстан халқы және қарттар: Елімізде 100 жастан асқандар саны қанша?

Ғасыр жасағандар: Елдегі қарттар статистикасы қандай?

Қарттар күніне орай Ұлттық статистика бюросы қазіргі таңда Қазақстанда 60 және одан үлкен жастағы адамдардың саны 3 миллионға жуықтағанын хабарлады. Бұл ел халқының жалпы санының 14,2 пайызын құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылдың басында Қазақстанда 60 жастан асқан халық саны 2 923 472 адамды құрады. Олардың ішінде ер адамдар саны – 1 163 270, ал әйелдер – 1 760 202.

Бюро өкілдері олардың ең көп шоғырланған өңірлерін атады:

  • Алматы қаласы – 328 385;

  • Түркістан облысы – 216 544;

  • Қарағанды облысы – 212 487;

  • Алматы облысы – 203 499;

  • Астана қаласы – 171 138.

«60 жастан асқан азаматтардың 1 894 268-і қалалық жерде, ал 1 029 204-і ауылдық жерде тұрады», – деп хабарлады бюродан.

Сонымен қатар, қазір Қазақстанда жасы 100-ге толған және одан асқан 1 323 адам тұрып жатыр.

Ведомство сондай-ақ биылғы II тоқсанда 60 және одан үлкен жастағы жұмыспен қамтылғандар саны 465 302 адамды құрағанын қосты.

Айта кетейік, бүгін – Халықаралық қарттар күні. 

Сондай-ақ, мерекеге орай Қазақстанның үш өңірінде қарттарға біржолғы ақшалай көмек берілетіні хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Қазақстанда туу көрсеткіші 4 есе төмендеді: Әйелдер ана атануды кейінге шегеруде

Қазақстанда дене белсенділігімен айналысатын халықтың үлесі артты

Рекорд орнады: Қазақстан халқының өмірі 8 жасқа ұзарды