Қазақстан – Гонконг инвестициялық бизнес-форумы өтті

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған бизнес-форум Гонконг қаласында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ-ге сілтеме жасап.

Форумға Гонконг Үкіметінің, жергілікті сауда-өнеркәсіп палаталарының өкілдері және сауда, қаржы, логистика, өнеркәсіп, азық-түлік өнімдерінің импорты салаларында мамандандырылған компаниялар қатысты.

Іс-шара барысында «Kazakh Invest», Астана халықаралық қаржы орталығы, «QazTrade» және басқа да отандық ұйымдардың басшылығы сөз сөйлеп, қатысушыларды еліміздің бизнес климаты мен ҚР-дың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.

Форум қорытындысы бойынша Қазақстан мен Гонконгтың бизнес қауымдастығы тығыз қарым-қатынастарды орнатуға және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: egemen.kz
Өзгелердің жаңалығы