Қазақстан гимнастары Словениядағы әлемдік турнирді бір күміспен аяқтады
Копердегі әлемдік турнирде Роман Маменов финалда алтыншы орын алса, Зейнолла Идрисов Қазақстан қоржынына күміс медаль салды.
Словенияда спорттық гимнастикадан өткен Challenge Cup турнирінің үшінші кезеңі аяқталды. Тіреп секіру финалында Қазақстан құрамасының атынан Роман Маменов өнер көрсетті.
Қазақстандық спортшы екі әрекеттің қорытындысы бойынша 12,933 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады.
Алтын медальді италиялық Симоне Сперанца (13,966) жеңіп алса, күмісті швейцариялық Лука Мурабито (13,783), қола жүлдені словениялық Бено Кунст (13,183) иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бір күміс медаль жеңіп алды. Оны ат снарядындағы жаттығуда екінші орын алған Зейнолла Ыдырысов еншіледі.
Айта кетейік, спорттық гимнастикадан Challenge Cup–2026 турнирінің үшінші кезеңі 28–31 мамыр аралығында Словенияның Копер қаласында өтті. Жарыста жекелеген снарядтар бойынша он медаль жиынтығы сарапқа салынды. Қазақстан құрамасынан төрт спортшы қатысты.
Ал Ташкентте өткен екінші кезеңде қазақстандық гимнастар екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алған болатын.