Қазақстан гендерлік теңдік бойынша 65-орында

Бұл туралы бүгін әйелдер мен қыздардың саяси мүмкіндіктерін арттыру және көшбасшылық әлеуетін дамыту бойынша жаттықтырушыларға арналған тренинг барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген 25 әйел қатысушы тренинг барысында көшбасшылық қасиеттерге, презентациялық дағдыларға, сайлауалды бағдарламалар мен науқандарды дайындауға байланысты оқытудан өтті. Тренингті аталған салаларда құнды көп жылдық кәсіби тәжірибесі мен білімі бар халықаралық сарапшылар жүргізді.

Аталмыш тренинг «Tomiris» ақпараттық - білім беру бағдарламасы шеңберінде гендерлік теңдіктің Қазақстан экономикасын жақсартуға, сондай-ақ әйелдер мен қыздардың басқарушылық әлеуеті мен саяси мәдениетін дамытуға әсерін зерттеу мақсатында өткізіліп отыр дейді ұйымдастырушылар.

Бүгінгі тренингтің мақсаты әйелдердің көсбасшылық қасиеттерін жоғарылатып, саяси науқандарда белсенді болуына жәрдем ету, Қазақстанның саяси әлеуетінде өз орындарын табуына ықпал жасау. Тренинг ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен өтіп жатыр,-деді Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының өкілі Мария Доценко.

Сондай-ақ Қазақстанның саяси әлеуетінде әйел азаматшалардың пайызы төмен екенін айтты.

Биылғы жылы гендерлік теңдік бойынша Қазақстан 140 елдің арасында 65-орында тұр. Бірақ, бұл нәтиже көңілге қуаныш ұялатпайды. Парламентте -4%, мәжілісте- 27%, сенатта-18%, облыс әкімдерінде-0%, қала және аудан әкімдері арасында-1,5% әйелдер ғана. Көптеген әйел азаматшалар- сотта, қызмет көрсетуде, білім беру саласында, медицина саласында көп болып отыр,-дейді  Мария Доценко.

Ал тренингке қатысушылар барлық өңір бойынша 100-ден астам қатысушының ішінен таңдалып алынды дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ олардың барлығы өз өңірлерінде аудиториясы бар ханымдар.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш тренинг 1-5 қараша аралығында өткізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы