Қазақстан-Франция іскерлік ынтымақтастығы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҚР «Alstom» компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия аймағы бойынша басшысы Эндрю Делеонимен кездесу өткізді.
Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлайды.
Тараптар Қазақстан аумағында машина жасау саласында іске асырылып жатқан және перспективалық жобалардың ағымдағы мәселелерін талқылады. Эндрю Делеони «Alstom» компаниясының еліміздегі жаңа жоспарлары туралы хабардар етті.
Өз кезегінде Мұхтар Тілеуберді Үкіметтің компанияның инвестициялық жобаларына қажетті қолдау көрсетуге және Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын екенін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қайсар Жұмабайұлы жаңа қызметке тағайындалды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы