Қазақстан-Финляндия құқық саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Финляндия конституциялық құқық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Конституциялық Соттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Финляндия Әділет канцлері Туомас Поюсти және Финляндияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесуге Конституциялық Соттың судьялары Бақыт Нұрмұханов, Сергей Ударцев және Қанат Мусин қатысып, қонақтарға конституциялық бақылау органының отандық моделін таныстырып, оның құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлінің маңыздылығын атап өтті.

Поюсти мырза өз кезегінде Финляндияның конституциялық бақылауды қамтамасыз ету тәжірибесімен бөлісті және өз еліндегі Әділет канцлері институтының функциялары туралы ақпаратпен бөлісті.

Сындарлы диалог барысында тараптар пікір алмасып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу соңында конституциялық бақылау институтын нығайтуға бағытталған өзара тәжірибе, ақпарат алмасу және сараптамалық қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Конституциялық соттың ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы