Қазақстан Еуропамен көлік байланысын күшейтуде: Брюссельде ірі келісімдер жасалды
Конференция қорытындысы бойынша жалпы сомасы 462 млн АҚШ долларын құрайтын төрт келісім жасалды.
Брюссельде Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің қолдауымен және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұйымдастыруымен «Қазақстан және ЕО байланысын нығайту: Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) перспективалары» атты халықаралық конференция өтті.
Іс-шараға Еуропа мен Азияның мемлекеттік органдары, халықаралық қаржы институттары және жетекші логистикалық компаниялардан 100-ден астам өкіл қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша жалпы сомасы 462 млн АҚШ долларын құрайтын төрт келісім жасалды. Олар Транскаспий бағытын дамытуға, көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға және логистикалық байланыстарды күшейтуге бағытталған.
Атап айтқанда, әуежайларды цифрландыру, жол инфрақұрылымын дамыту, Қара теңіздегі терминалдық жобалар және контейнерлік тасымалдарды кеңейту жөнінде келісімдер жасалды.
Іс-шара Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.