Қазақстан Еуразиядағы қауіпсіздікті қолдайды – Тоқаев 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінен кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Мен Ресейдің Еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздіктің бөлінбейтіндігіне қатысты ұстанымын қолдайтынымызды айтқым келеді. Өйткені, бұл қағида 2010 жылы ЕҚЫҰ Астана форумының қорытындысы бойынша қол қойылған декларацияда бекітілген, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы келіссөздер барысында өңірлік және жаһандық саясаттың ең өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу болғанын айтты. 

Тұтастай алғанда, біздің ұстанымдарымыз бен көзқарастарымыз өзгеріссіз екенін атап өткім келеді. Ресей Федерациясы өңіріміздегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше маңызды рөл атқарады. Қазіргі әлемде басқа мемлекеттердің қауіпсіздігіне нұқсан келтіре отырып, өз қауіпсіздігін құру мүмкін емес, - деп айтты ел Президенті Путинмен кездесуінде.

Тоқаевтың пайымдауынша, Ресей Федерациясының қауіпсіздік мәселелері бойынша кең халықаралық ауқымда келіссөздер жүргізу туралы ұсыныстары - табысты дипломатиялық келіссөздер жүргізу үшін өте жақсы алаң.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы