Кеше 2026, 21:50
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Қазақстан эстафеталық жүгіруден Азия чемпионы атанды
Жарыс қорытындысы бойынша екінші орынды Үндістан, үшінші орынды Қытай құрамасы иеленді.
Қытайдың Шаосин қаласында басталған эстафеталық жүгіруден ІІ Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды.
4×400 метрлік аралас эстафетада (микст) Андрей Соколов, Мария Шувалова, Эльнор Мухитдинов және Аделина Земс мәреге бірінші болып жетіп, құрлық чемпионы атанды. Команда құрамындағы ең үздік аралық нәтижені Эльнор Мухитдинов көрсетіп, өз кезеңін 46,14 секундта жүгіріп өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша екінші орынды Үндістан, үшінші орынды Қытай құрамасы иеленді.
Айта кетейік, екі күнге созылатын Азия чемпионатына тоғыз елден 105 спортшы қатысуда. Алда ерлер мен әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафеталарда жүлделер сарапқа салынады.