22 Қыркүйек 2026, 00:56 Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы Азиада-2026 ойындарының плей-офф кезеңіне шықты

G тобындағы соңғы кездесуде қазақстандықтар Лаос құрамасымен ойнады.

 

Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы командалық турнирдің топтық кезеңіндегі жарысын аяқтады.

ҚР ҰОК мәліметінше, G тобындағы соңғы кездесуде қазақстандықтар Лаос құрамасымен ойнады. Ойын 3:1 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Осылайша, ұлттық құрама топтық кезеңде үш жеңіске қол жеткізді. Бұған дейін Қазақстан Бангладешті 3:0, Сингапурды 3:1 есебімен жеңген болатын.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Қазақстан спортшыларының келесі қарсыласы кейінірек анықталады.