Қазақстан энергетикасына шетелдік инвестиция тарту жолдары қаралды
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында көмірсутек экспортының бағыттарын дамыту, отандық энергетика саласына шетелдік инвестициялар мен озық технологияларды тарту, сондай-ақ халықаралық компаниялардың қатысуымен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Тараптар бұл бағыттарда Сыртқы істер министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.
Асхат Хасенов ұлттық мұнай-газ компаниясының мүдделерін шетелде ілгерілетуге көрсетіп отырған жан-жақты қолдауы үшін ҚР Сыртқы істер министрлігіне алғыс білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ пен Украина 800 млрд долларлық келісімге қол қояды
Келесі жаңалық
Павлодар облысында мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы