14 Маусым 2025 2025, 21:00
Фото: Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан елшісі Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан Республикасының Украинадағы елшісі Төлежан Барлыбаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасының Украинадағы елшісі Төлежан Барлыбаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тапсыру рәсімі ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасы ескерткіштерінің тізіміне кіретін "Киевтік София" (1037 ж.) ұлттық қорықтың аумағында өтті.
Қысқаша сұхбат барысында дәстүрлі достық қазақ-украиналық қарым-қатынастардың жағдайы мен болашағы, сондай-ақ әртүрлі салалардағы іскерлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды.