Қазақстан елшісі Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасымен кездесті

Қазақстан елшісі Еркебұлан Сапиев Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мустафа Шентоппен кездесті.

Кездесу барысында елші екіжақты қатынастар, дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы шеңберінде атқарылған жұмыстар, сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастық мәселелері мен перспективаларын талқылады.

М. Шентоп өз кезегінде Қазақстан-Түркия парламентаралық қатынастарға жоғары баға беріп, 2022 жылғы 20 қарашада жоспарланған президенттік сайлауларда сәттілік тіледі және түрік депутаттары бақылаушы ретінде ТүрПА атынан қатысатынын хабарлады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы