Қазақстан елшісі Швейцария Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан Республикасының елшісі Қайрат Саржанов Швейцария Конфедерациясының Федералдық Президенті, Федералдық сыртқы істер департаментінің басшысы Иньяцио Кассиске сенім грамоталарды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өткен рәсім барысында қазақстандық елші И. Кассиске Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлаудың қорытындылары мен елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпарат берді. Өз кезегінде Швейцария Конфедерациясының басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа президенттік сайлауды өткізудің жоғары ұйымдастырушылық деңгейін атап өтіп, жеңісіне орай оған құттықтау сөздерін жолдады.
Сұхбат барысында халықаралық күн тәртібінің бірқатар мәселелер мен екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті бойынша пікір алмасу өтті. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдық тарихында тұрақты саяси диалог құрылып, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимыл саласында елеулі көрсеткіштерге қол жеткізілгені атап өтілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 33 адамға беріледі
Келесі жаңалық
Жетісу облысында 3 адам өрттен құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы