Қазақстан Елшісі Швеция Короліне сенім грамоталарын тапсырды

Стокгольм қаласындағы Патша сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Олжас Сүлейменовтің Швеция Патшасы Карл XVI Густавқа сенім грамоталарын табыстау салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сұхбат барысында қазақ дипломаты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швед монархына ізгі тілектерін жеткізіп, диалогты жоғары деңгейде жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Елші Мемлекет басшысының саяси реформалары Қазақстан дамуының жаңа кезеңін ашқанын және елдегі одан әрі демократиялық және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер үшін берік негіз қалағанын хабарлады.

Осы тұрғыда қоршаған ортаны қорғау, «жасыл» технологиялар, жоғары технологиялық өндіріс және машина жасау, су ресурстары мен қалдықтарды басқару, көліктік өзара байланысты дамыту, сондай-ақ жасанды интеллект пен ақпараттық технология сияқты салаларда өзара тиімді әріптестік үшін елеулі іске асырылмаған әлеуетті атап өте келе, Швециямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту осы лауазымдағы жұмысының маңызды бағыты болып табылатынына назар аударды.

Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Баку қаласында (Әзербайжан) өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (СOР29) тараптары конференциясының 29-шы сессиясы Патшаның ерекше қызығушылығын тудырды. Осы сессияның шеңберінде Қазақстан павильонында жасыл технологиялар, жаңартылатын энергия және климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы бастамалар ұсынылған.

ҚР Елшісі Швецияның орнықты даму және «жасыл экономикасына» ауысу саласындағы жетістіктері мен кең тәжірибесін жоғары бағалап, бұл тұрғыда Қазақстанның жаһандық климаттық күн тәртібіне, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі өршіл мақсатқа, сондай-ақ елдің Арал теңізін сақтау жөніндегі күш-жігеріне бейілділігі туралы хабардар етті.

Соныңа қарай Швеция Патшасы қазақ дипломатына екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған жауапты миссияда табыс тіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы