Қазақстан елшісі Роттердам қаласының мэрімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі Асқар Жұмағалиев сұхбаттасты Қазақстанның Украинадағы дағдарысқа байланысты ұстанымы, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың украин тарапына гуманитарлық көмек көрсету туралы шешімі және оның Украина Президенті В.Зеленскиймен болған келіссөздер қорытындысы бойынша қабылданған медиатор ретінде әрекет етуге дайындығы туралы хабардар етті.

Сондай-ақ тараптар негізі 2014 жылғы наурызда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Нидерландқа ресми сапарынан кейін 2015 жылы қаланған Роттердамдағы Астана алаңын (Astanaplein) дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.

Сұхбаттастар мультимәдениеттілік мәселесінде Алматы мен Роттердамның ұқсастығын атап өтті. Осы тұрғыда мәдени ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге келісті, сондай-ақ белгіленген байланыстарды нығайту үшін қала басшылары деңгейінде сапарлармен алмасу мүмкіндіктерін талқылады.

Роттердам қаласы Нидерландының экономикалық орталығы болып табылады. Роттердамның бейресми атауы – «Еуропаға шығар қақпа». Еуропа елдеріне арналған бірінші кезектегі қажетті тауарлар (энергия тасымалдаушылар, жүк, өнімдер және т.б.) порт инфрақұрылымы арқылы өтетіндіктен, қала стратегиялық маңызды логистикалық объект болып табылады. Роттердам порты ІЖӨ-нің шамамен 6% (50 млрд евро) өндіреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы