Қазақстан елшісі Молдова президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Молдова республикасындағы елшісі Алмат Айдарбеков Молдова республикасының президенті Майа Сандуға сенім грамоталарын тапсырды.
Бұл туралы СІМ баспсөз қызметі хабарлады.
Салтанатты рәсімнен кейін елшінің МР президентімен сұхбаты өтіп, оның барысында екіжақты, сондай-ақ ТМД және БҰҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылды қоса алғанда көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасылды.
Сұхбат барысында Нұр-Сұлтан мен Кишиневтің екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігі атап өтілді.
Кездесу соңында Қазақстан елшісі Молдова президентіне жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық балалар Еуропадағы би жарысына қатысты
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы