Қазақстан елшісі Латвия СІМ-де кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Латвиядағы елшісі Тимур Пірімбетов Латвия Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты байланыстар бірінші департаментінің директоры Катарина Платеремен кездесу өткізді.

Кездесу барысында саяси және экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өткізу, Қазақстан мен Латвия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына арналған іс-шаралар кестесі туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін, Қазақстан-Латвия үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін жан-жақты талқылады.

Бұған қоса, екіжақты құқықтық базаны жетілдіру және кеңейту, сондай-ақ халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында Қазақстан елшісі латвиялық дипломатты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» тарихи Жолдауы,  еліміздегі ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру бойынша егжей-тегжейлі хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Латвия қарым-қатынастары екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша тұрақты және дәйекті даму динамикасына ие екендігін растап, өзара мүдделі барлық мәселелер бойынша тұрақты диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы