Қазақстан елшісі Израиль Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстанның Израильдегі елшісі Дәулет Ембердиев Израиль мемлекетінің президенті Ицхак Герцогқа сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.
Президент И. Герцогпен болған сұхбат барысында өзара қызығушылық тудыратын салалардағы Қазақстан-Израиль ынтымақтастығын дамыту перспективалары, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Елші Израиль президентіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар жөнінде баяндады.
Израиль президенті Қазақстанмен жан-жақты әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделілігін растады.
Кездесу соңында президент И. Герцог қазақстандық дипломатқа жауапты қызметінде табыс тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы