Қазақстан елшісі Ереван мемлекеттік университетінің ректорымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ереван мемлекеттік университетінде Қазақстан Елшісі Болат Иманбаевтың ЕМУ ректоры Оганнес Оганнисян, оқу орнының профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттерімен, сондай-ақ Арменияның академиялық және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесуі өтіп, Елші ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидалары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Елімізде саяси, әлеуметтік-экономикалық және демократиялық реформаларының бағытын түсіндіруге ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар елді одан әрі жаңғырту тұрғысында Жолдаудың өзектілігі мен мазмұндылығын атап өтті.           

Мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ ғылым мен білім саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды тереңдету мәселелері бойынша пікір алмастырылды. 

ЕМУ ректоры 2022 жылы Қазақстан мен Армения арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толатынына назар аударып, ғылыми-білім беру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді. 

Тараптар қазақстандық жоғары оқу орындары мен Ереван мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ 2022 жылы бірлескен іс-шараларды өткізу сұрақтарын талқылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы