Қазақстан Елшісі Беларусь Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Президенттік Тәуелсіздік cарайында Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Ерлан Байжановтың Беларусь Президенті Александр Лукашенкоға сенім грамоталарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресми рәсім барысында А. Лукашенко Қазақстанды Беларусь үшін жақын, бауырлас мемлекет, стратегиялық әріптес және одақтас деп атады.

Бізді ортақ тарих, дамыған сауда және гуманитарлық байланыстар байланыстырады. Мемлекет басшылары деңгейіндегі достық қарым - қатынас кез келген мәселені шектеусіз талқылауға мүмкіндік береді, - деді Президент.

– Біз осы жылы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі кең ауқымды тақырыптар бойынша үнқатысуды жалғастыру үшін қарсы алуға қуаныштымыз.

Беларусь басшысы жаңадан тағайындалған дипломат өз миссиясын бүкіл әлем үшін халықаралық қатынастардың жаңа құрылымын қалыптастырудың күрделі жолында тұрған қиын кезеңде орындауға кірісетінін атап өтті. Қазіргі геосаяси жағдайға баға бере отырып, ол бүкіл әлем үшін Беларуське қарсы қабылданған шектеу шаралардың, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы шектеулердің кері әсерін айтты.

Рәсім соңында Беларусь басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы лебізін жеткізді, сондай-ақ Елшіге Қазақстан-белорус ынтымақтастығын нығайту жолындағы қызметіне сәттілік пен табыс тіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы