Қазақстан елшісі Алжир Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан елшісі Қайрат Лама Шариф «Мурадиа» сарайында Алжир Халық Демократиялық Республикасының Президенті Әбделмәжид Теббунге Қазақстанның Алжирдегі елшісі қызметін қоса атқарушы ретінде сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Салтанатты рәсімнен кейін өткен кездесу барысында елші Алжир басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, елімізде Қазақстан мен Алжир арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, оның ішінде сауда-экономикалық және көліктік-логистикалық өзара іс-қимылды жандандыруға зор мән беріп отырғанын хабарлады.
Қазақстандық дипломат Ә. Теббунге Әділетті Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды таныстырды. Өз кезегінде Алжир Президенті Қазақстан басшылығы жүргізіп жатқан оң өзгерістерге жоғары баға берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында 1 жылда халық саны 31,6 мың адамға өсті
Өзгелердің жаңалығы