Президент бірқатар шет елдегі Қазақстан елшілерін тағайындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасындағы, Латвия және Болгария Республикаларындағы Қазақстан елшілерін тағайындау туралы құжатқа қол қойды.
Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ, президент Латвия еліндегі Қазақстан елшісін де тағайындады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, - делінген хабарламада.
Келесі кезекте мемлекет басшысының Жарлығымен Теміртай Рымтайұлы Ізбастин Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
Ал мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.