Қазақстан экономикасы 5 пайызға өсті - министр
Биыл 4 айда өткен жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда Қазақстан экономикасы 5 пайызға өсті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Оның ішінде нақты сектордағы өсу 4,8 пайызды, ал қызмет көрсету саласындағы өсу – 4,9 пайыз жеткен.
Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны - 18 пайыз. Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 39,3 пайызға, ауыл шаруашылығында – 26,5 пайызға, жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларда – 10 пайызға, сондай-ақ өнеркәсіпте – 18,1 пайызға, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 17,3 пайызға және өңдеу өнеркәсібінде – 7 пайызға өсті, – деп мәлімдеді Әлібек Қуантыров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен ЕО ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын белгілейді
Өзгелердің жаңалығы