10 Қараша 2026, 08:11 Фото: depositphotos.com

Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті

Экономикалық өсімге негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосып, оның көлемі 5,6 пайызға ұлғайды.

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2026 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,5 пайызға артты. Бұл тоғыз айдағы көрсеткіштен 0,3 пайыздық тармаққа жоғары.

Экономикалық өсімге негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосып, оның көлемі 5,6 пайызға ұлғайды. Өнеркәсіп өндірісі 3,5 пайызға, ал өңдеу өнеркәсібі 9,3 пайызға өсті.

Өңдеу саласында жоғары өсім фармацевтикада (50,9%), дайын металл бұйымдарын өндіруде (30,4%), машина жасауда (22,2%), химия өнеркәсібінде (21,9%) және тамақ өнімдерін өндіруде (13%) тіркелді.

Бұдан бөлек, құрылыс саласы 13,1 пайызға, көлік және қойма шаруашылығы 7,5 пайызға, сауда 6,2 пайызға, ауыл шаруашылығы 5,2 пайызға, байланыс саласы 4,9 пайызға өсті.

Осылайша, экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес сектор болды.