Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатынан жүлдесіз қайтты

Бүгін Қатар астанасы Дохада аралас командалық сайыспен дзюдодан әлем чемпионаты аяқталады, деп жазады BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Өкінішке қарай, соңғы күні Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетті. Құрамамыз Германиямен кездесіп 0:4 есебімен есе жіберді. Алғашқы белдесуде Камила Берликаш (+70 кг) Самира Бузгарнеден ұтылса, Ғалымжан Қырықбай (+90 кг) Лоссени Конеден жеңілді. Бақыт Құсақбаеваның (-57 кг) Полин Старкқа шамасы келмеді. Ал Жансай Смағұлов (-73 кг) тартысты кездесуде Александра Габлерден жеңіліп қалды.

Қазақстан құрамасы жекелей сында да жүлдесіз қалған болатын. Әйелдер арасында ең үздік нәтижені (5 орын) Абиба Абужақынова көрсетсе, ерлерімізден Нұрқанат Серікбаев (-60 кг) пен Абылайхан Жұбаназар (-81 кг) жетінші орындардан көрінген еді.

Қазақстан соңғы рет 2014 жылы Челябинскте өткен әлем чемпионатынан жүлдесіз қайтқан.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Өзгелердің жаңалығы