Қазақстан делегациясы Сианьда өткен ШЫҰ телевизиялық фестиваліне қатысты
16-17 шілде күндері Қытайдың Сиань қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің екінші телевизиялық фестивалі өтті. Аталған шараға ШЫҰ-ға мүше, бақылаушы және диалогтық серіктес 19 елден 300-ге жуық медиа маман, сарапшы және дипломат жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан атынан фестивальге Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов бастаған делегация қатысты. Ашылу рәсімінде Қанат Ысқақов ШЫҰ-ны сенімге, теңдікке, өзара құрмет пен мәдени әралуандылыққа негізделген маңызды халықаралық платформа ретінде атап өтті.
Фестиваль аясында Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік радио және теледидар басқармасы төрағасының орынбасары Донг Синмен кездесу өтіп, екі ел арасындағы медиа ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша 2025 жылы өтетін фестивальге арналған бірлескен декларация қабылданды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы