Қазақстан дайын өнімдер мен қызметтердің экспортын ұлғайтты

2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша шикізаттық емес тауарлардың экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1% өсті ($12,11 млрд-тан 12,12 млрд-қа дейін), деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, қызметтердің экспорты бірінші жартыжылдықта $2,1 млрд құрады, бұл өткен жылдың 6 айындағы көрсеткіштерден 16,7%-ға асып түсті ($1,8 млрд).

Сыртқы нарықтарға жеткізілетін дайын Топ-3 қазақстандық өнімдеріне мыс пен мыс катодтары, ферроқорытпалар, уран кіреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы