Қазақстан БҰҰ миссияларына қатысуға әскер жіберетін болды

Қазақстан БҰҰ миссияларына қатысу үшін 430 адамнан аспайтын қарулы күштердің әскерін жіберетін болды. Бұл мәселеге қатысты Парламент палаталарының бірлескен отырысында шешім қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Парламенті БҰҰ миссияларына қатысу үшін 430 адамнан аспайтын қарулы күштердің әскери персоналын (резерв ротасы, штабтық офицерлер, әскери бақылаушылар және мамандандырылған бөлімшелер) жіберуді мақұлдады:

1) "БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау күштері" (UNDOF, Сирия-Израиль);

2) "БҰҰ бітімгершілік шарттарының орындалуын бақылау органы" (UNTSO, Палестина-Израиль);

3) "БҰҰ-ның Оңтүстік Судан Республикасындағы миссиясы" (UNMISS, Оңтүстік Судан);

4) "БҰҰ-ның қауіпсіздік және Абье бойынша уақытша күштері" (UNISFA, Судан).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қытайда жер сілкінді
Өзгелердің жаңалығы