28 Қаңтар 2026, 12:48
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Артём Чурсинов
Қазақстан бойынша барлық арнаулы ХҚКО-лардың жұмысы уақытша тоқтады
Қазақстанның арнаулы халыққа қызмет көрсету орталықтарында (арнаулы ХҚКО) техникалық ақаулар тіркеліп, соның салдарынан кейбір мемлекеттік қызметтер уақытша қолжетімсіз болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның арнаулы халыққа қызмет көрсету орталықтарында (арнаулы ХҚКО) техникалық ақаулар тіркеліп, соның салдарынан кейбір мемлекеттік қызметтер уақытша қолжетімсіз болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, жүйедегі ақау уақытша сипатқа ие.
Ел аумағындағы барлық арнаулы ХҚКО-ларда жүйенің уақытша тұрақсыз жұмыс істеуі байқалады. Осыған байланысты арнаулы ХҚКО желісі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету барысында қиындықтар туындап отыр. Қазіргі уақытта жауапты мамандар жүйенің жұмысын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген Мемлекеттік корпорация таратқан хабарламада.
Арнаулы ХҚКО-лардың жұмысы қашан толық қалпына келтірілетіні туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатыны айтылды.
- Индонезия жағалауында 7,6 балдық жер сілкінісі болды 08:27
- Қазақстан Өзбекстанда өткен V халықаралық экологиялық Құрылтайға қатысты 08:08
- АҚШ-та бензин бағасы 4 доллардан асты: Трамп кешірім сұрамайтынын мәлімдеді 07:48
- Қазақстанда бір тәулікте орман қорында 10 өрт тіркелді 07:13
- Балалар стоматологиясындағы кезек мәселесі: Өңірлерге нақты тапсырма берілді 06:36
- Бельгияда ежелгі ғимаратты қайта жөндеу кезінде 9 млн еуроға жуық алтын табылды 05:24
- АҚШ дрондар импортына 100%-ға дейін тариф енгізеді 04:19