Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам адам іздеуде жүр
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 178 адам іздестірілуде, олардың 2 098 хабар-ошарсыз жоғалғандар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жоғалған адамдардың көп бөлігі:
- Алматы қаласы - 278;
- Қарағанды облысы-217;
- Павлодар облысы-170;
- Алматы облысы - 152 тіркелген.
Олардың арасында үйден кетіп, оралмаған - 1 572 адам, автокөлікпен жоғалған – 73, жұмыстан кеткен - 38. Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).
Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестірілуде.
Іздестірілуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).
Олардың ең көп саны алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша:
- Алматы қаласында (496)
- Астана қаласында (183)
- Шымкент қаласында (149)
- Алматы (164)
- Қарағанды (148) облыстарында іздестірілуде.
Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүзеге асыратынын еске саламыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы