Қазақстан боксшылары U19 ерлер арасындағы Азия чемпионатында 1 алтын, 4 күміс алды

Таиландтың Бангкок қаласында бокстан U19 санаты бойынша ерлер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Бес отандасымыз финалда бақ сынап, бір алтын және төрт күміс медальға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Расул Ассанханов 90 келіге дейінгі салмақтың финалында үндістандық Хемант Сангванды жеңіп, алтын жүлдегер атанды.

  • 60 келіге дейінгі салмақта Әділет Тортубек финалда Иран өкілі Али Чигриханиге жол берді.
  • 70 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында жұдырықтасқан Бибарыс Әшірбай өзбекстандық Абдулазиз Журакуловка есе жіберді.
  • 80 келіге дейінгі салмақта Тимур Тайбеков Өзбекстан өкілі Норбек Абдуллаевтан жеңіліп қалды.
  • 85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Нұрсұлтан Қыстаубай финалда Самир Сабировқа (Өзбекстан) жол берді.

Осылайша, U19 санатында Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын, төрт күміс және бір қола медаль бар.

Бұған дейін 75 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Шілдебай қола иеленген болатын.

Ал Бангкокта (Таиланд) қыздар арасындағы (U19) бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері финалда екі мәрте бақ сынап, бір алтын медальға ие болды. Турнир жеңімпазы атанған Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) шешуші жекпе-жекте үндістандық Критика Васанды ұтты. Аяжан Ермек болса, ел қоржынына күміс медаль салды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бокс федерациясы
Өзгелердің жаңалығы