Қазақстан боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін сәтті бастады
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бес жеңіске қол жеткізді.
Қытайдың Гуйян қаласында World Boxing ұйымының аясында бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының алты өкілі шаршы алаңға шықты.
Қазақстан боксшылары жарысты сәтті бастады. Атап айтқанда, Серік Теміржанов (60 кг) Германия өкілі Денис Брильден басым түсті. Сабыржан Аққалықов (80 кг) Қытай боксшысы Ван Сяобаоны жеңіп, келесі айналымға өтті.
2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай (90 кг) Оңтүстік Корея спортшысын үш рет нокдаунға жіберіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Айбек Оралбай (+90 кг) АҚШ өкілін ұтты.
Әйелдер арасында Дина Исламбекова (+80 кг) Ирландия боксшысын мерзімінен бұрын жеңсе, Наталья Богданова (75 кг) Қытай спортшысына есе жіберіп, жарысты аяқтады.
Осылайша, жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бес жеңіске қол жеткізді.