Қазақстан биыл ШЫҰ-ға төрағалық етеді

2023 жылғы шілдеден бастап Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалық етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылғы шілдеден бастап Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалық етеді. Төрағалық ету кезеңінде Қазақстанның күш-жігері өзара ынтымақтастықтың барлық бағытын, атап айтқанда, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды теңгерімді дамытуға, сондай-ақ ШЫҰ қызметін жетілдіруге және оны жемісті ынтымақтастық үшін сенімді тұғырнама ретінде орналастыруға бағытталады, - деп атап өтті СІМ басшысының орынбасары брифингте.

Оның айтуынша, бір жылдың ішінде 80-нен астам іс-шараның өтуі жоспарланып отыр. Соңғы іс-шара - 2024 жылы Астанада өтетін ШЫҰ саммиті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ОКҚ
Өзгелердің жаңалығы