Қазақстан бірыңғай сағат белдеуіне қашан көшеді?
Елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізілуі мүмкін. Ғалымдар мен сарапшылар осындай бастама көтеріп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ОКҚ-да өткен брифингте Қолданбалы хронобиология маманы Болат Жолтайұлы бұл мәселені былай түсіндірді.
Біз уақытты алға қарай жылжытайын деп жатқан жоқпыз. Бұрынғы уақытты түзейін деп жатырмыз. Біз қайтарайын деп отырған UTC+5 уақыты Астана, Алматы, Шымкент, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстанның белдеулік уақыты деп айтуға болады. Бүкіл дәлелелдер жиналды. 43 беттен тұратын есеп жобасы жасалды, - деді Болат Жолтайұлы.
Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл уақыт мәселесі Қостанай облысы үшін өте өзекті екенін атап өтті. Айтуынша, бірнеше жыл елдегі уақыт мәселесін бір топ азамат жиі көтерген.
Елімізде Шығыс Қазақстан облысы болмаса, қалғандарында уақытпен айырмашылықтары бар. Қостанайдың кейбір аудардарында 2 сағатқа жақын айырмашылық бар. Сондықтан бұл мәселе менің сайлаушыларымның аманаты десе болады, - деді Еркін Әбіл.
Депутаттық сөзінше, сағаттық белдеу көптеген салаға әсер етеді.
Мен уақыттың Астанамен әртүрлі белдеуде болғанына қарсымын. Бұл - экономикалық және басқару жүйесіндегі мәселе. Бірақ осы мәселе бойынша медицинада зерттеу соңғы 10 жылда болып жатыр. 2017 жылы осы тақырыпты зерттеген бір топ ғалым Нобель сыйлығын алған соң (автор- тәуліктік ритмдердің зерттеуі туралы )бүкіл әлем осыған баса назар аудара бастады. Бұл бізге де келіп жетті. Мұны ғылымның жаңа саласы деп айтуға болады. Оның ішінде АҚШ-пен, Еуропада зерттеулер жасалып жатыр. Бұрын біз бірінғай белдеуде болдық, алайда кейін 30 жылда уақытпен ойнап, ақырыы Гринвич уақытынан 6 сағат айырмада қалып отырмыз, - дейді депутат.
Оның сөзінше, Астананың территориялық орналасқан жері табиғи уақыттан 1 cағат 20 минуттай айырмашылығы бар.
Депутат Бұл өзгеріс қашаннан бастап енгізілуі мүмкін деген сұраққа жауап берді.
Бірыңғай сағат белдеуіне көшу бұл Үкіметтің құзыретінде. Комиссия өзінің ұсынысын берді. Жалпы ғылым консенсус бар Бүкіл ведомство өз пікірін айтты. Енді Үкімет бұл мәселені қарайды, соның құзыретінде. Үкімет арнайы қаулы шығаруға тиіс. Енді сол қаулыны күтеміз. Менің ойымша, шешім жаңа жылдан кейін қабылданады. Мен нақты уақытын айта алмаймын. Себебі, бұл мәселе біздің құзыретімізде емес, - дейді Еркін Әбіл.