Қазақстан бірқатар елмен бірге жасыл құрылысты дамытады

Астанада «Орталық Азиядағы жасыл құрылыс» халықаралық конференциясы аясында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Ресей ғылыми-практикалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордада өткен «Green Build Central Asia 2023» халықаралық конференциясында «Қазақстандық жасыл құрылыс кеңесі» (KazGBC), «Өзбекстанның жасыл құрылыс кеңесі» (UzGBC), Қырғызстанның «UNISON» ҚҚ, «Әзербайжанның жасыл құрылыс кеңесі» (AzGBC) және «Ресейдегі жасыл құрылыс кеңесі» (RuGBC) - ғылыми-практикалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты:

- қатысушы елдердің құрылыс индустриясын жасыл құрылыс қағидаттарына сәйкес түрлендіріп, жаңғырту және оның тұрақты даму жолына өту барысын зерделеу;

- ғимараттарды экологиялық сертификаттаудың ерікті жүйесінің ережелері мен әдістерін үйлестіру;

- білімнің қолжетімділігін зерделеу және жасыл құрылыс саласындағы әлеуетті арттыру және тиісті кадрларды дайындау.

Осы құжат аясында елдер мынадай бағыттар бойынша ынтымақтасады:

• «жасыл»/экологиялық және энергия үнемдейтін құрылыс бойынша зерттеу тобын ұйымдастыру;

• елдердің құрылыс индустриясының тұрақты дамуға және жасыл/энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізуге түрлендіру деңгейін анықтау;

• құрылыс саласындағы халықаралық тәжірибе мен ұлттық стандарттарды ескере отырып, ғимараттарды экологиялық сертификаттаудың ерікті жүйесін үйлестіру бойынша қатысушы елдерде ұсыныстар әзірлеу;

• жасыл құрылыс қағидаттарына сәйкес қатысушы елдердің құрылыс индустриясын трансформациялау және жаңғырту бойынша бірлескен ұсынымдар әзірлеу;

• құрылыс индустриясында халықаралық тәжірибе мен ұлттық стандарттарды ескере отырып, құрылысқа экологиялық таза технологияларды және ғимараттарды жасыл сертификаттау жүйелерін енгізу үшін мамандарды дайындау мүмкіндіктерін талдау және қажетті шараларды жүзеге асыру.

Сонымен қатар елдеріміз әлемде және қатысушы елдерде «жасыл» құрылысты дамыту мәселелері, «жасыл» құрылыстың әдістемелері мен технологиялары және т.б. бойынша ақпарат және тәжірибе алмасады. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін зерттеу тобының ғылыми-техникалық кеңестерін ұйымдастырып, жасыл құрылыстың озық тәжірибелерін бөліседі. Сондай-ақ ғимараттарды экологиялық сертификаттаудың ерікті жүйесінің ережелері мен әдістерін үйлестіру бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы