Бүгiн 2026, 11:18
Фото: ҰОК/Андрей Ударцев
Қазақстан Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды
Юлия Путинцева бастаған Қазақстан құрамасы Канаданы жеңіп, күздегі финалдық кезеңге өтті.
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Канадаға қарсы алғашқы ойын күнінен кейін есеп тең болды. Юлия Путинцева Кайла Кроссты 6:3, 7:5 есебімен жеңсе, ал Соня Жиенбаева Бьянка Андреескуға 4:6, 6:7 есебімен жол берді.
11 сәуір күні өткен жұптық кездесуде Анна Данилина мен Жібек Құламбаева Бьянка Андрееску / Кайла Кросс жұбын 7:5, 6:1 есебімен ұтты.
Ал Путинцева өз кезегінде Бьянка Андреескуді 7:6, 3:6, 7:6 есебімен жеңіп, жалпы есепті 3:1-ге жеткізді.
Осылайша, Қазақстанның әйелдер құрамасы мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алды. Финалдық кезең биыл күзде Қытайда өтеді.