Бүгiн 2026, 07:39
Фото: pixabay
Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек
Теміржол арқылы бидайды құс фабрикалары, ұн тарту кәсіпорындары, лицензияланған элеваторлар және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы импорттай алады.
Қазақстан шетелден бидай әкелуге қайтадан шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, бидайды автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы импорттауға алты ай мерзімге тыйым салу ұсынылған.
Шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден, сондай-ақ басқа елдерден жеткізілетін бидайға да қатысты болады.
Сонымен қатар бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Теміржол арқылы бидайды құс фабрикалары, ұн тарту кәсіпорындары, лицензияланған элеваторлар және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы импорттай алады.