Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне қосылу үшін 1 млрд доллар жарна төлеген жоқ – СІМ
Қазақстан Бейбітшілік келісіміне ешқандай қаражатсыз қосылды.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуы еліміздің ұлттық мүдделеріне сәйкес келеді. Және диалогты дамытуға, халықаралық қауіпсіздікті қолдауға, көпжақты ынтымақтастықты нығайтуда сыртқы саясаттың стратегиялық бағытымен үйлеседі.
Қазақстан Бейбітшілік келісіміне ешқандай қаражатсыз қосылды. Жарғыда көрсетілген 1 млрд АҚШ доллары ерікті жарна. Мүшелік шарты болып табылмайды, - деді ол.
Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды.
Бастапқыда бұл орган Газа секторында бейбітшіліктің сақталуын бақылау үшін ойластырылғанымен, кейіннен Біріккен Ұлттар Ұйымына бәсекелес құрылымға айналуы мүмкін деген пікір айтылып жатыр. Жобаның негізгі тұстары жайлы толығырақ BAQ.KZ материалынан таныса аласыздар.