Қазақстан бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салу мерзімін тағы ұзартты
Қазақстан мұнай өнімдерін автомобильмен әкетуге тыйым салу мерзімін тағы жарты жылға ұзартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мұндай шешім энергетика министрінің, премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрінің, ішкі істер министрінің, ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірлескен бұйрығымен қабылданды.
Авиациялық отынды өнеркәсіптік өндіріске қою, оны өнеркәсіптік өндірудің технологиясын бекіту және/немесе қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан қоспаларды іріктеу, үлгілерді біліктілік және зертханалық сынау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкетуді қоспағанда, автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында әкетуді, жағармайды қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, - деп жазылған құжатта.
Осыған ұқсас бұйрық 2023 жылдың қаңтарынан 1 тамызға дейін күшінде болды.