Қазақстан, Бельгия және Нидерланд консулдық саладағы нормативтік-құқықтық базаны кеңейтуді талқылады

Қазақстан Республикасы, Бельгия Корольдігі мен Нидерланд Корольдігінің консулдық департаменттерінің өкілдері арасында бейнеконференция форматында кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Бенилюкс мемлекеттері арасындағы нормативтік-құқықтық базаны кеңейту перспективасын талқылады. Атап айтқанда, қызметтік паспорт иелерін визалық талаптардан босату мәселесі көтерілді.

Келіссөздер нәтижесі бойынша мемлекеттердің консулдық саладағы қатынастарды нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы