Қазақстан банктерінде ресейліктердің қанша теңгесі жатқаны белгілі болды
Қазақстан банктерінде ресейліктердің қанша теңгесі жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді.
2023 жылғы 1 наурызға сәйкес, Ресей Федерациясының резиденттері қазақстандық банктерде 492 мың шот ашқан. Осы шоттарда 1,4 трлн теңге ақша бар. 2022 жылғы 1 ақпандағы мәліметтерге сәйкес, банкте шоты бар 157 мың ресейлік болған. Бұл көрсеткіш қазір 492 мың адамға жетті, - деп айтты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары брифингте.
Ал шоттағы ақшалардың 151 млрд теңгесі экономикаға келген.
Экономикамызға Ресей Федерациясынан ақша түсіп жатса, ол оң әсерін тигізеді деп ойлаймын, - деп түсіндірді Олжас Қизатов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде банктердің активтері 44,6 трлн теңгеге дейін өсті
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы