21 Ақпан 2025 2025, 15:05
Фото: olympic.kz
Қазақстан Азия Кубогында нысана көздеуден топ жарды
Бүгін Бангкокта нысана көздеуден Азия Кубогының соңғы жарыс күні өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін Бангкокта нысана көздеуден Азия Кубогының соңғы жарыс күні өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстандық мергендер 3 алтын, 1 күміс жеңіп алды. Осылайша, ұлттық құрама 12 алтын медальмен жалпы есепте 1-орын иеленді. Александра Ле, Арина Алтухова, Елизавета Безрукова – 50 м винтовка (командалық) Александра Ле – 50 м винтовка (жекелей) , Елизавета Безрукова – 50 м винтовка (жекелей) ,Никита Чирюкин – 25 м тапанша жалпы командалық есеп Қазақстан – 12 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль бар.
Оңтүстік Корея – 7 алтын, 4 күміс, 7 қоламен екінші орында болса, Сингапур – 3 алтын, 4 күміс, 2 қоламен үшінші орынды еншіледі.
23 ел қатысқан жарыста 16 мемлекет жүлдеге қол жеткізді.