Қазақстан Азия даму банкінен 3,4 млрд юань қарыз алады
Қарыз 15 жылға беріледі, оның ішінде үш жыл жеңілдік кезеңі қарастырылған. Қаражат мемлекеттің басым әлеуметтік-экономикалық міндеттерін қаржыландыруға жұмсалады.
Құрылтай депутаттары Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы келісімді ратификациялау туралы заңды екі оқылымда қабылдады. Келісім бойынша Қазақстан 15 жыл мерзімге 3,4 млрд юань көлемінде қарыз алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Заң жобасына берілген қорытындыда Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімге 2026 жылғы 11 қыркүйекте қол қойылғаны көрсетілген.
Азия даму банкі Қазақстанға 3 млрд 411 млн 350 мың қытай юані көлемінде қарыз береді. Қарызды өтеу мерзімі – 15 жыл, оның ішінде үш жыл жеңілдік кезеңі қарастырылған. Сыйақы мөлшерлемесі SHIBOR + өзгермелі спред бойынша белгіленеді. Резервтеу комиссиясы – 0,15%. Қарыз туралы келісімді іске асыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық басым міндеттерін уақтылы қаржыландыруға мүмкіндік беріп, Қазақстанның қаржы секторының тұрақтылығын нығайтады, – деп жазылған құжатта.
Еске салайық, бұған дейін ветеринарларға екі айлық жалақы көлемінде сауықтыру жәрдемақысы төленуі мүмкін екендігі айтылды.
Сондай-ақ Құрылтай депутаттары ет, сүт, балық өнімдеріне бақылауды күшейтетін жаңа заңды қабылдады.