Қазақстан Азия Даму банкінен 15 жылға қарыз алмақ
Мәжіліс Азия Даму банкімен арадағы қарыз туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялады. Құжат 2024 жылы 23 тамызда Астана қаласында жасалған.
Заң жобасын Қаржы министрі Мәди Тәкиев түсіндірді.
Үкімет ел экономикасының орнықтылығын қолдау үшін жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде қарыз алуды жоспарлап отыр. Азия Даму Банкінің қарызы Қазақстанға 2027 жылғы 1 маусымға дейінгі жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 52,3 млрд йен сомасында 15 жыл өтеу мерзімімен беріледі.
Тартылатын қарызға қызмет көрсетуді және оны өтеуді республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебінен Қаржы министрлігі жүзеге асыратын болады.