Қазақстан "Азия балалары" ойындарында 107 медаль алды
Якутск қаласындағы "Туймаада" стадионында VIII жазғы "Азия балалары" ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жүлде алған барлық спортшы көрермендер алдында шеруде сап түзеп, көпшілік ықыласына бөленді.
Кешті құрметті қонақтар қатарында осы ойындардың түлегі, VIII жазғы "Азия балалары" ойындарының бас төрешісі Мерей Ақшалов, сондай-ақ бірнеше мәрте аталған жарысқа еліміздің делегациясын бастап келген Мәлік Сапашев тамашалады.
Қазақстан құрамасы "Азия балалары" ойындарында 17 алтын, 31 күміс, 59 қола (барлығы 107) медальмен жалпыкомандалық есепте 7-орынға тұрақтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қосшы қаласында 20 отбасы пәтер иесі атанды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы