Қазақстан, Әзербайжан және Түркия министрлері көлік байланысын кеңейтуді талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстан, Әзербайжан және Түркия Сыртқы істер министрлері мен көлік министрлерінің үшжақты кездесуіне қатысты, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Тараптар көлік-логистика саласындағы, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелерінің кең ауқымы бойынша «сағаттарды теңестірді». Ауқымды геосаяси трансформация жағдайында сауда-экономикалық, транзит-көліктік және энергетикалық ынтымақтастықты кеңейтудің бірлескен тәсілдері қарастырылды.

ҚР СІМ басшысы Әзербайжан мен Түркия Қазақстан үшін өңірдегі негізгі саяси және экономикалық әріптестер екенін атап өтті. 

Коронавирус пандемиясы кезеңінде өзара саудадағы экономикалық белсенділіктің бәсеңдеуіне қарамастан, қазіргі уақытта бұрынғы қалпына келтіру және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін елеулі әлеуетіміз бар, - деп толықтырды Мұхтар Тілеуберді. 

Кездесуге қатысушылар өңірдегі теміржол желілері мен мұнай құбырлары сияқты бірлескен жобаларды іске асырудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Еуропалық бағыттағы мүмкіндіктердің шектелуі жағдайында Каспий теңізі - Қара теңіз желісі бойынша маршруттар ерекше мәнге ие болады. Министрлер көлік көлемін ұлғайту порттардағы техникалық және тарифтік шарттарды уақтылы жаңғыртуды талап етеді, бұл барлық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың драйвері болады деген пікірге келді. 

Осы кездесуге қатысушы елдердің транзиттік әлеуетін арттыру үшін аса маңызды мағынасы бар Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар көлік әлеуетін дамыту жөніндегі негізгі бағыттарға деген көзқарастардың біртұтастығын қанағаттанушылықпен атап өтіп, үкіметтік деңгейде тікелей байланыстарды қарқындатуға өзара мүдделілікті растады. 

Тараптар келесі кездесуді осы форматта Қазақстанда ағымдағы жылғы күзде өткізуге уағдаласты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы