Қазақстан-Әзербайжан: Тауар айналым 500 млн долларға жетті - Тоқаев
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев шағын құрамда кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ильхам Алиевтің сапары аясында жоғары мемлекетаралық кеңестің құрылуы бекітіледі. Тоқаевтың айтуынша, бұл екіжақты қатынастарға күшті серпін береді.
Біздің сауда-экономикалық өзара іс-қимылымыздың елеулі ілгерілеуін атап өткім келеді, біз бүгін атап өткендей, тауар айналымы 40 пайызға өсіп, 500 млн долларға жетті. Менің ойымша, бұл өте жақсы нәтиже, - деп айтты Тоқаев кездесуде.
Мемлекет басшы жоғарыда айтылған көрсеткішті өсіруге жағдай барын атап өтті.
Экономикалық әлеуетімізді толыққанды ашу шарасы бойынша біз бұл көрсеткішті 1 млрд долларға дейін жеткізе алатынымызға сенімдімін. Ол үшін бізде энергетика, көлік, логистика, IT, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және басқа да салаларда елеулі резервтер бар, - деп айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада.